Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 қазандағы N 1050  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 37, 497-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзілсiн: 
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Есiмовке жүктелсін."; 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында: 
      5-бағанда: 
      реттiк нөмiрi 3-жолда "2005 жылдың II тоқсаны," деген сөздер "2005 жылдың IV тоқсаны," деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттiк нөмiрi 10-жолда "II тоқсаны" деген сөздер "IV тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      реттiк нөмiрi 12-жолдың 2-бағанында "220" деген сандар "160" деген сандармен ауыстырылсын; 
      реттiк нөмiрi 31-жолда: 
      3-бағанда "Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасы" деген сөздер "Бұйрық" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      4-бағанда ", Қорғанысминi, IIМ, АШМ, ҰҚК (келiсiм бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын; 
      реттік нөмiрi 47-жолдың 4-бағанында "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi" деген сөздердiң алдынан "ДСМ," деген аббревиатурамен толықтырылсын; 
      реттік нөмірі 113-жолдың 5-бағанында "І тоқсаны" деген сөздер "IV тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі