Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қазандағы N 1050 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 873 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1268  Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1268 Жарлығының
күшi жойылды деп тану туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1268  Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 49, 559-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi