Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1460 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қазандағы N 1010 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристiк қызметті peттеу комитетi:
      1) ЕурАзЭҚ СЭҚ TH 6807101000 кодымен жiктелетін асфальттан немесе саған ұқсас материалдардан (мысалы, мұнай битумынан немесе тас көмiр пiспесiнен) жасалған орамдардағы жабын және қаптама материалдарының импортына қатысты iстi қарауды бастасын;
      2) iсті қарау рәсiмi аяқталғанға дейiн заңнамада белгiленген тәртiппен ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 6807101000 кодымен жiктелетін асфальттан немесе соған ұқсас материалдардан (мысалы, мұнай битумынан немесе тас көмiр пiспесiнен) жасалған орамдардағы жабын және қаптама материалдарының импортын лицензиялауды жүзеге асырсын;
      3) он күнтiзбелiк күн iшiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетiн және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Комитетiн iстi қараудың басталғандығы туралы хабардар етсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі