Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 967 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 873 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы директорларының кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175  қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      мына:
      "Дәрiбаев             - Қазақстан Республикасы Индустрия және
      Мұрат Амангелдiұлы      сауда министрлiгi Кәсiпкерлiктi дамыту
                              департаментiнiң директоры"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алдабергенов         - Қазақстан Республикасы Табиғи
      Нұрлан Шәдiбекұлы       монополияларды реттеу агенттiгі
                              төрағасының бiрiнші орынбасары".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі