Қазақстанның Солтүстiк-Оңтүстiк транзитiнiң 500 кВ екiншi электр беру желiсi құрылысының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қыркүйектегі N 926 Қаулысы

      "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы" "KEGOC" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "KEGOC" АҚ) iске асыратын "Қазақстанның Солтүстiк-Оңтүстiк транзитiнiң 500 кВ екiншi электр беру желiсi құрылысының" жобасын тиiмдi қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен:
      1) "KEGOC" АҚ-пен мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы келiсiм жасассын;
      2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне (бұдан әрi - Банк) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңымен  бекiтiлген мемлекеттік кепiлдiк беру лимитiнiң шегiнде 100000000 (бip жүз миллион) АҚШ доллары мөлшерiнде тартылатын қарыз бойынша "KEGOC" АҚ-тың мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету ретiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен "KEGOC" АҚ-тың мемлекеттiк кепiлдiк алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптарды орындауын қамтамасыз етсiн.

      3. Банк "Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстiк транзитiнiң 500 кВ екiншi электр беру желiсi құрылысының" жобасын қаржыландыру үшiн сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар қаржылық қызметтердi көрсетушi болып белгіленсiн.

      4. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ашық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 125  қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      тақырыбындағы "ашық" деген сөз алынып тасталсын;
      мәтiндегi "ААҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) "Электр желілерін басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы" "KEGOC" акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "KEGOC" АҚ) заңнамада белгіленген тәртiппен жалпы жобалық құны 326000000 (үш жүз жиырма алты миллион) АҚШ доллары тұратын үш сымды фазасымен бiрге жоғарыда аталған электр беру желiсiнiң техника-экономикалық негiздемесін, жобалық-сметалық құжаттамасын әзiрлеу мен құрылысын салуға арналған кредиттiк қаражатты қарызға алуды жүзеге асыруға рұқсат етілсiн;";
      көрсетiлген қаулымен мақұлданған Солтүстiк-Оңтүстiк транзитiнің 500 кВ екiншi электр беру желiсi құрылысын техника-экономикалық талдауда "ААҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі