Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 қыркүйектегі N 903 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.20. N 319 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009.12.25 N 236/18 қаулысымен.      

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына сәйкес, жоғары оқу орындарында оқып жүрген аз қамтамасыз етiлген отбасынан шыққан, жетiм-студенттерге әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында облыс әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау туралы" N 169/5  қаулысымен бекiтiлген (Павлодар облысының әдiлет басқармасында 2004 жылғы 18 маусымда N 2621 болып тiркелген, "Звезда Прииртышья" газетiнiң 2004 жылғы 6 шiлдедегi N 78, "Сарыарқа самалы" газетiнiң 2004 жылғы 08 шiлдедегi N 80 сандарында жарияланған) аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау қағидасына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      2-тармағындағы "2004 жылғы 2-тоқсаны" деген сөздер "тиiстi жылдың 2-тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын.

        Облыс әкiмі                                   Қ. Нұрпейiсов