Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1422 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 тамыздағы N 805 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1422  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 10, 35 және 48-жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы