Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде салынған тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2004 жылғы 1 қыркүйектегi N 923  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 33, 443-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде салынған тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесiнде: 
      9-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: 
      "3) Астана, Алматы және Атырау қалаларында салынған тұрғын үйлердi сатып алу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке қаражаты.". 
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі