Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 998 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 755 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 513 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. "Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) және оның облыстарда, Астана және Алматы қалаларында филиалдары құрылсын.
 

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
 

      3. Мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнде көзделген қаражат есебiнен және шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
 

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Мекеме мен оның филиалдарының мұқтаждары үшiн үй-жай берудi қамтамасыз етсін.
 

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі