Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 шілдедегі N 725 Қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қаулының күшін жою көзделген - ҚР Үкіметінің 12.03.2026 № 166 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 45 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 1, 15-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану ережесінде:

      4-тармақтың төртінші абзацында:

      "су ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша" деген сөздер "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы ережеге" деген сөздер "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі