Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 маусымдағы N 731 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі N 707 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1339 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28.  N 1339  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды жұмыс берушілердiң қаражаты есебiнен тағайындаудың және төлеудiң тәртібi туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 маусымдағы N 731  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 27, 249-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақыларды жұмыс берушілердiң қаражаты есебiнен тағайындаудың және төлеудiң тәртiбi туралы Нұсқаулықта:
      кiрiспедегi "1999 жылдың 18 сәуiрiнен бастап" деген сөздер алынып тасталсын;
      22-тармақтағы "бiр жарым жасқа" деген сөздер "үш жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі