Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N 424 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 663 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыстар бойынша шарттардың орындалу мерзiмiн ұзарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N 424  қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы 85-тармақпен толықтырылсын:
      "85. Қызылорда облыстық энергетикалық инфрақұрылым және минералдық ресурстар басқармасы мен "Сыр Қуаты" акционерлік қоғамы арасында жасалған 2004 жылғы 20 ақпандағы N 4/1-04 шарт".

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі