Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 21 наурыздағы N 291 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 609 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң интеграцияланған валюталық рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келiсiмге қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше
мемлекеттердiң интеграцияланған валюталық
рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы
туралы келiсiмге қол қою туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң интеграцияланған валюталық рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң интеграцияланған валюталық рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келiсiмге қол қойылсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi