Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 маусымдағы N 568 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
 

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1422  қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 34-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42-3-жолмен толықтырылсын:
"42-3 Қазақстан   Еңбекмині  шілде  тамыз  қыркүйек Г.Н.Әбдіқалықова
      Республика-
      сының
      кейбір 
      заңнамалық
      актілеріне
      әлеуметтік
      қамсыздандыру
      мәселелері
      бойынша
      өзгерістер мен
      толықтырулар
      енгізу туралы                                             ".
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі