Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы N 556 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы N 525 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң  17-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ
ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен мынадай iс-шараларға:
      қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiнiң қауiпсiздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту мақсатында қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiн пысықтау жөнiндегi консалтингтiк қызметтерге ақы төлеуге;
      Oracle Applications лицензияларын сатып алуға;
      қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiнiң штаттан тыс ажырауын, жүйенің бағдарламалық-аппарат кешенінің жаңылысуын және iстен шығуын болдырмау мақсатында үздiксiз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жабдықтар сатып алу мен орнатуға 335000000 (үш жүз отыз бес миллион) теңге бөлiнсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.21. N  1261 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі