Сатып алу, сақтау, тасымалдау, әкелу және әкету iшкi iстер органдарының рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын түрлi-түстi бейнедегі көбейту-көшiру техникасының тiзбесін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 448 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008.12.22 N 265 Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН :
      1. "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 3310) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
      610 "Қаржы активтерін сатып алу" деген кіші сыныпта:
      612 "Мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капиталын қалыптастыру" ерекшелігінің атауында "қалыптастыру" деген сөзден кейін "және ұлғайту" деген сөздермен толықтырылсын:
      "Анықтама" деген бағандағы "қалыптастыру" деген сөзден кейін "және ұлғайту" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірлесіп, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр