Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы N 438 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
 

      1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354  қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  316-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      реттік нөмірі 2-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "25 позиция бойынша тауар рыноктарын зерттеу жөніндегі іс-шараларды өткізу.".
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі