Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 
қаулысына
 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк мекемелердің мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi және қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiнде:
      F санатындағы топ мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлігі мен Үкiметiнiң Әкiмшiлiк ғимараттары дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
      "Қазақстан Республикасы Парламентi Шаруашылық басқармасының Әкiмшiлiк ғимараттар дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны".