Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi N 949 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі N 386 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық "Жетi Жарғы" заң әдебиетi баспасының, апталық заң газетiнiң қызметiн жетілдіру туралы және республикалық ғылыми-көпшiлiк журналын шығару туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 қыркүйектегi N 1276  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 31, 383-құжат):
      1 және 2-тармақтар алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1403 қаулысының күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 желтоқсандағы N 1348 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 49, 457-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердің 2-тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі