2002 жылғы 30 наурыздағы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумақтарында этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен олардың айналымын кедендiк және салықтық бақылау туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу т

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 наурыздағы N 258 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2002 жылғы 30 наурыздағы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумақтарында этил спиртінiң, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнің өндiрiлуi мен олардың айналымын кедендiк және салықтық бақылау туралы  келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан 2002 жылғы 30 наурыздағы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумақтарында этил спиртінің, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнің өндiрiлуi мен олардың айналымын кедендiк және салықтық бақылау туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

2002 жылғы 30 наурыздағы ЕурАзЭҚ-қа мүше-мемлекеттердiң
аумақтарында этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спирт
бар және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен олардың
айналымын кедендiк және салықтық бақылау туралы
келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi,
      2002 жылғы 30 наурыздағы ЕурАзЭҚ-қа мүше-мемлекеттердiң аумақтарында этил спиртінің, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнің өндiрiлуi мен олардың айналымын кедендiк және салықтық бақылау туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) 11-бабына сәйкес,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Келiсiмге мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзуге:
      9-бапты қоспағанда, Келiсiмнiң мәтiнi бойынша "этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнiң" деген сөздер тиiстi септiкте "этил спиртінің, алкоголь, құрамында спирт бар, темекi өнiмдерiнiң және ақ қант" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-баптың бiрiншi абзацындағы "(акциздер және ҚҚС)" деген сөздер "(акциздер және/немесе ҚҚС)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-бап: "айналымына бақылауды" деген сөздерден кейiн "Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына және халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын.

  2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуi үшiн қажетті мемлекетiшілiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күнiнен бастап 30-шы күнi күшіне енедi.

  3-бап

      Осы Хаттама Келiсiмнiң қолданыс кезеңiне жасалады.

      200_ жылғы "___" _______ қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Хаттаманың түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiнде сақталады, ол әрбiр Тарапқа оның расталған көшiрмесiн жiбередi.

       Беларусь Республикасының
      Yкiметi үшiн

      Қазақстан Республикасының
      Yкiметi үшiн

      Қырғыз Республикасының
      Yкiметi үшiн

      Ресей Федерациясының
      Yкіметi үшiн

      Тәжiкстан Республикасының
      Yкiметi үшiн