Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстарындағы қауiптi су тасқыны жағдайы және олардың аумағының су астында қалуын болдырмау жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы N 251 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Бюджеттiк кодексiнiң 53-бабына сәйкес және облыстық маңыздағы дербес зейнеткерлер, азаматтардың жекелеген санаттары және жұртшылықтың әлеуметтік қорғалмаған қатарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:

      "Бiр жолғы материалдық көмек пен ай сайынғы үстеме ақы тағайындау мен көрсету Ережесiн бекiту туралы" қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 23 желтоқсандағы N 12/92 шешіміне (Әділет Департаментінде 2005 жылғы 4 ақпанда N 1849 тіркелген,  2005 жылғы 3 наурыздағы N 42-43 (6633) "Маңғыстау" және 2005 жылғы 15 наурыздағы  N 48 (9335) "Огни Мангистау" газеттерінде жарияланды) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 40-тармақта:
      1-тармақшадағы "6 айлық есептік көрсеткіш" сөзі "30000 /отыз мың/ теңге" сөзімен ауыстырылсын;
      5-тармақша 5-1) тармақшасымен төмендегіндей мазмұнда толықтырылсын:
      "5-1) жыл сайын Жеңіс күніне /9 мамыр/ Ауғаныстан жерінде соғысқа қатысушыларға 8000 /сегіз мың/ теңге мөлшерінде;";
      8-тармақшадағы "мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын" сөздері алынып тасталсын;
      10-тармақшадағы төмендегіндей мазмұнда толықтырылсын:
      "10) Қала күніне /жыл сайын қыркүйекте/ қаланың құрметті азаматтарына он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";

      2) 43-тармақтағы "он бес мың теңге" сөзі "алып жүрген зейнетақы" сөзіне ауыстырылсын.

       Сессия төрағасы                    Қалалық мәслихаттың
                                             хатшысы

       С.Кутепов                             Ұ.Сыдықова