Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы N 182 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Астана қаласының әкiмiне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң объектiлерiн салу үшiн Есiл өзенiнiң сол жақ жағалауында орналасқан жер (саяжай) учаскелерiн алуға (сатып алуға) байланысты шығыстарға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 108343500 (бір жүз сегіз миллион үш жүз қырық үш мың бес жүз) теңге бөлiнсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.09. N  1220 қаулысымен.

      2. Астана қаласының әкiмi 2005 жылғы 1 тамызға дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер (саяжай) учаскелерiн алуды (сатып алуды) жүргiзсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі