Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 931 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы N 159 Қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 235 Қаулысымен.

      Қолданушылар назарына!
      Қаулының 3-тармағынан басқасы күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.01.16. N 27 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Көктал" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қызмет бейінінің сақталуын негізгі шарт етіп белгілеп, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Көктал" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мүліктік кешенін тендерде сатуды жүзеге асырсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі