Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 114 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы N 101 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.24  N 387  (қолданысқа енгізілу тәртібін  10-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiмет  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң N 1 аймақаралық салық комитетi" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 114  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 4, 54-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
      кiрiспедегi ", мұнай мен газды өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау және сату" деген сөздер "және кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiру, қайта өңдеу және сату" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі