Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 ақпандағы N 87 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1465 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 04.11.2013 № 343 бұйрығымен.

      1. "Энергетикалық сараптама өткізу ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3089 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінің 2004 жылғы N 41-44 жарияланған) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 214  бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген бұйрықпен бекітілген энергетикалық сараптама өткізу ережесінде:
     4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "Энергетикалық сараптама жөніндегі жұмыстарды орындау үшін ұйымдарда міндетті түрде аттестациядан өткен электр зертханасы, электр қауіпсіздігі бойынша кіру рұқсаты бар тиісті топтағы білікті қызметшілер, тексеруден және электрлік сынақтан өткен өлшейтін және сынайтын аспаптардың болуы қажет.".
     2. Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (Н.Б.Бертісбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген заңнамалық тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Министр