Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігін және еңбектi қорғауды қамтамасыз етудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 67 Қаулысы

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі  N 687  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының қару-жарағын, әскери техникасын, қорғаныс объектілерi мен басқа да әскери мүлкiн беру, мүлiктiк жалдауға беру (жалға беру), сату және пайдаға асыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 1006  қаулысына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының қару-жарағын, әскери техникасын, қорғаныс объектiлерi мен басқа да әскери мүлкiн беру, мүлiктiк жалдауға беру (жалға беру), сату және пайдаға асыру ережесiнде:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) пайдаға асыру өнiмдерi - әскери мүлiктi пайдаға асыру нәтижесiнде алынған мүлiк.";
      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "60. Қару-жарақ, әскери техника мен пайдаға асыру өнiмдерi заңды және жеке тұлғаларға тек оларда тиiстi қызмет түрлерiне лицензиялары болған кезде сатылуы мүмкiн.";
      68-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте оқ-дәрiлердi пайдаға асыру өндiрiсi үшiн олардың оқ-дәрiлердi пайдаға асыру өнiмдерiн сату жөнiнде қызметтер көрсетуi мiндеттi шартымен заңды тұлғалар тартылуы мүмкін.";
      71-тармақтағы "пайдалану" деген сөз "сату" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі