Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 қарашадағы N 197э Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) көрсетiлген қаулыға  185-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "саны 200 дана дербес компьютерлер, 200 дана үздiксiз қоректендiру көздерiн, 200 дана принтерлер" деген сөздер "саны 207 дана дербес компьютер, 207 дана үздiксiз қоректендiру көздерiн, 205 дана принтер, 1 дана ноутбук" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) көрсетiлген қаулыға  186-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "74", "40", "74" деген сандар тиiсiнше "83", "45", "83" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі