Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 наурыздағы N 197а қаулысы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 357-қосымшада:
      2-тармақ "Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздерден кейiн "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы, "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 қаулысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ "қамтамасыз ету" деген сөздерден кейiн "ұлттық байланыс және хабар тарату спутниктiк жүйесiн дамыту" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ "радиоқабылдау" деген сөздiң алдынан "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесiмдiлiгi республикалық орталығы" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталының бiр бөлiгiн қалыптастыру," деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтың кестесiндегі 5-бағанда "Республикалық электромагниттiк сәйкестік орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жарғылық капиталын қалыптастыру" деген сөздер "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесiмдiлігі республикалық орталығы" акционерлiк қоғамының 10 000 есе айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде жарғылық капиталының бір бөлiгiн қалыптастыру" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетiн атқарушы