Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 197аэ Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулыға  138-қосымшада :
      7-тармақта:
      "N 54, N 55, N 56 және N 57 көшелердi" деген сөздер алынып тасталсын;
      ", "Шұбар-3" Қазақстан Республикасы Президентiнiң резиденциясына кiреберiстiң N 2 учаскесiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      ", N 1, 2 көшелердi салу және жобалау (асфальттеу)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы