Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 197ам Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулының 196-қосымшасында:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны:
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Мектеп-интернаттың оқу корпусының шатырына күрделi жөндеу, оқу, жатын орын корпустарына, акт залына, ғимараттарының электрмен және сумен жабдықтау желiлерiне күрделi жөндеу жүргiзу үшiн жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеу және мемлекеттiк сараптама жүргізу.";
      сегiзiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Негiзгi құралдарды сатып алу: асханаға арналған жабдық: қуыру шкафы - 1 дана, тұрмыстық тоңазытқыш - 1 дана, электр таба - 1 дана, электр плитасы - 2 дана, ыдыс жуу машинасы - 1 дана, электр ет турағышы - 1 дана, электронды таразы - 2 дана, тоңазытқыш камера - 2 дана, мармит - 1 дана; музыкалық аспаптар: пианино - 3 дана, скрипка - 2 дана, виолончель - 1 дана, контрабас - 3 дана, рояль - 1 дана, арфа - 1 дана; киiм шкафтары - 25 дана, жұмсақ жиһаз - 2 жиынтық, компьютер - 5 дана; медпунктке арналған жабдық: физиокабинет - 1 жиынтық. Бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттама мен мемлекеттік сараптамаға сәйкес күрделi жөндеу жүргiзу";
      2) көрсетiлген қаулының 197-қосымшасында:
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5 және 7-бағандарында:

___________________________________________________________________
1| 2| 3| 4|          5       | 6 |            7
___________________________________________________________________
            мынадай мазмұндағы      мынадай мазмұндағы
            төртiншi абзацпен       абзацпен толықтырылсын:
            толықтырылсын:          "Ұлттық ғылыми-практикалық
            "Дүниежүзiлiк           дене тәрбиесi орталығы"
            қысқы универсиа-
            даға қатысуға
            дайындық";
___________________________________________________________________

      алтыншы абзац ", ксерокс - 1 дана, компьютерге жиынтықтар - 3 атаулы, офиске арналған техника: гильотина - 1 дана, брошюраларға арналған степлер - 1 дана;" деген сөздермен толықтырылсын;
      жетіншi абзац ", ризограф - 1 дана, ноутбук - 1 дана;" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) көрсетiлген қаулының 210-қосымшасында:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "5 HK-125 сiлтi аккумуляторы - 21 дана" деген сөздер "100А*ч қорғасынды-қышқылды аккумулятор батареялары - 64 дана" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мотопомпа - 1 дана; жылу есептеу жүйесi - 1 дана; ДЭ-4 дистиляторы - 1 дана; ДЭ-25 дистиляторы - 1 дана; 60 кВт дизель-генераторы - 1 дана; 35/0,4 25 кВт күш трансформаторы - 1 дана; 10/0,4 40 кВт күш трансформаторы - 1 дана; 10/0,4 25 кВт күш трансформаторы - 2 дана; 10/0,4 10 кВт күш трансформаторы - 1 дана; ГАЗ-3308 автомашинасы - 1 дана" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі