Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1382 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1116 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 шілдедегі N 721  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп," деген сөздермен ауыстырылсын;
      мына:
      "Әмірин Ғұсман Кәрімұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі, төраға;
      Евгений Евгеньевич Доминов - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кравченко Иван Михайлович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі, төраға;";
      Әмірин Ғұсман Кәрімұлы - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі