Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлері мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлері лауазымдарының санаттар бойынша тізілімінде Ғ санатының тобы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы дирекциясы".