Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 571 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1342 Қаулысы. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.26. N 514 қаулысымен.

      Отандық өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының 2003-2005 жылдарға арналған кредит саясаты туралы меморандумды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 571  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 27, 253-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының 2003-2005 жылдарға арналған кредит саясаты туралы меморандумда:
      6-тармақ мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      "17) сапа менеджментінің жүйелерін және қоршаған ортаны қорғау жүйесін енгізу.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі