Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының санаттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1328 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1743 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1137  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 40, 367-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекетке тиесiлi акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесiнде:
      3 және 23-тармақтарда "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-1-тармақта "республикалық ресми баспасөзде" деген сөздер "мерзiмдi баспасөз басылымында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23-тармақта:
      "сауда" деген сөз "бюджеттік жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң," деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі