"Қазақстан Республикасының мүгедектердiң әлеуметтік қорғалуы мәселелерi бойынша кейбiр заң актілерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілiсiнен керi қайтарып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қазандағы N 1054 қаулысы

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  N 1400  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы N 389-І  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттiк мекемелердің мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
      5-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "(мемлекеттік бiлiм беру мекемелерінде - еңбекақы төлеуге арналған қолда бар қаражат шегiнде)" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі