"ҚазҒЗМИ-дiң тау-кен геомеханикасы және маркшейдерлiк iсi Қазақ ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 1002 қаулысы

      "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн геоақпараттық қамтамасыз ету орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстан ГАЖ орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қызметінiң негiзгi мәнi сандық картография және топографиялық-геодезиялық деректер негiзiнде геоақпараттық жүйелердi, ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелердi құру, баспа және полиграфиялық қызмет деп анықтай отырып, құрылатын Қоғамның жарғысын бекiтсiн;
      2) әдiлет органдарында Қоғамның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін;
      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне берсiн;
      4) осы қаулыны iске асыру жөніндегi өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерiне мемлекеттік меншіктің түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде:
      "Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-95-жолмен толықтырылсын:
      "123-95. "Қазақстан ГАЖ орталығы" АҚ";
      3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
      көрсетiлген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөліммен және жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне"
      280. "Қазақстан ГАЖ орталығы" АҚ".
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi