Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 798 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердi айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 3 шiлдедегi N 1006 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердiң тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 11-жолмен толықтырылсын:
"11. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны".
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі осы қаулыны iске асыру жөнiндегi қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |