Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Инфекцияға қарсы жаңа препараттар жасаудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 25 маусымдағы N 703 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 26, 334-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгiне табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 164200000 (жүз алпыс төрт миллион екi жүз мың) теңге бөлсiн, оның iшiнде 9200000 (тоғыз миллион екi жүз мың) теңге Орталықтың жарғылық капиталын қалыптастыруға, 155000000 (жүз елу бес миллион) теңге "2004-2007 жылдарға арналған "Инфекцияға қарсы жаңа препараттар әзiрлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) iске асыруға.
4-2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
4-3. Орталық сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу жөнiндегi қызметтер көрсетудi берушi болып белгiленсiн.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) Орталықпен мемлекеттiк сатып алулар туралы шарттың жасалуын;
1-2) осы қаулыға сәйкес бөлiнетiн қаражаттың оңтайлы тиiмдi және мақсатты жұмсалу қағидаттарының сақталуын";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "2004-2007 жылдарға арналған инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзiрлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасында:
"1. Бағдарламаның паспорты" деген бөлiмде:
"Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi" деген жолда:
"арнап республикалық бюджеттен Бағдарламаның әкiмшiсiне көзделiп бөлiнген қаражат негiзiнде және мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде" деген сөздер "арналған республикалық бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"557,9", "380,1", "382,1" деген сандар тиiсiнше "164,2", "577,0", "578,9" деген сандармен ауыстырылсын.
"6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi" деген бөлiмде:
бiрiншi абзацтағы "арнап республикалық бюджеттен Бағдарламаның әкiмшiсiне көзделіп бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебiнен және шегiнде мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде" деген сөздер "арналған республикалық бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы: "557,9", "380,1", "382,1" деген сандар тиiсiнше "164,2", "577,0", "578,9" деген сандармен ауыстырылсын.
"8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген бөлiмде:
"Ұйымдастыру іс-шаралары" деген кiшi бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 4-жолмен толықтырылсын:
___________________________________________________________________
4 |Қолданыстағы |тiркеу | ҚР БҒМ,| 2004 |2004 жыл|Республи.
|заңнамаға | | ҚР | жылғы |- 9,2 |калық
|сәйкес шаруашылық | | Әділет.| IV тоқсан| |бюджет
|жүргiзу құқығында.| | мині | | |
|ғы республикалық | | | | |
|мемлекеттік | | | | |
|кәсіпорнының | | | | |
|жарғылық капиталын| | | | |
|қалыптастыру | | | | |
___________________________________________________________________
"Негiзгi ғылыми-техникалық іс-шаралар" деген кiшi бөлiмде:
"Орындау (iске асыру) үшін жауапты" деген бағандағы реттік нөмiрi 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-жолдардағы "Орталық" деген сөз мынадай редакцияда жазылсын: "ҚР БҒМ, Орталық";
6-бағанда:
реттiк нөмiрi 1-жолда:
"297,3", "13,8*" деген сандар тиiсiнше "75,1", "63,4*" деген сандармен ауыстырылсын;
"2006 жыл - 36,5*, 2007 жыл - 36,5*" толықтырылсын;
реттік нөмірі 2-жолдағы "39,6*" деген сандар "59,5*" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолдағы "24,1*" деген сандар "44,1*" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 4-жолдағы "157,1", "24,1*", "24,0*" деген сандар тиісінше "16,7", "97,6*", "97,5*" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 5-жолдағы "59,7", "24,0*", "24,0*" деген сандар тиiсiнше "0,0", "50,5*", "50,5*" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 6-жолдағы "34,0*" деген сандар "44,0*" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 7-жолдағы "34,0*" деген сандар "48,3*" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 8-жолдағы "34,0*" деген сандар "48,3*" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 9-жолдағы "92,6*" деген сандар "52,2*" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 10-жолдағы "83,5*" деген сандар "53,0*" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі