Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 заң күшi бар Жарлығына және "Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмділiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 118 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мынадай республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мүлiктiк кешендер ретiнде жекешелендiру туралы ұсынысы қабылдансын:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Қазәскерсаудажабдықөткiзу" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны еншiлес кәсiпорындарымен бiрге;
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Солтүстiк әскери құрылыс" республикалық мемлекеттік кәсiпорны;
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Оңтүстiк әскери құрылыс" республикалық мемлекеттік кәсiпорны;
4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Бурабай" әскери санаторийi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны;
5) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Қазәскерижоба" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлiктiк кешенiн сатуды жүзеге асырсын;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі