Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 13 сәуiрдегi N 411 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 932 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Заңының  24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстанның Даму Банкi" (Бұдан әрi - Даму Банкi) акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысына мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi - Әсет Өрентайұлы Исекешевтi Даму Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамына сайлау;
      2) Даму Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамынан Асқар Ұзақпайұлы Маминдi шығару ұсынылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі