Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегi N 1140 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы N 905 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 552 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2017 № 552 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Дiни бірлестіктермен байланыстар жөнiндегі кеңестiң ережесі мен құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1140 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 387-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Діни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегі кеңестiң құрамына енгізiлсiн:

      Әйтiмова - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң

      Бiрғаным Сарықызы орынбасары, төрайым;

      мына:

      "Кәлетаев - Қазақстан Республикасы Президентiнiң

      Дархан Аманұлы Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнің

      меңгерушiсi (келiсім бойынша)

      Жолдасбеков Мырзатай - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

      Жолдасбекұлы университетiнiң ректоры"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәлетаев - Қазақстан Республикасының Президентi

      Дархан Аманұлы Әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы

      Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң меңгерушiсi

      (келiсiм бойынша)

      Жолдасбеков Мырзатай - "Еуразия" гуманитарлық зерттеулер

      Жолдасбекұлы ғылыми-практикалық орталығының жетекшісі,

      филология ғылымдарының докторы, профессор";

      мына:

      "Отто Иван Иванович - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрі" деген жолда "вице-министр" деген сөздер "бiрiншi вице-министр" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген құрамнан Абдрахманов Сауытбек шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі