Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 565 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы N 902 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 565  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 26, 247-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      2 және 3-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Mыңбаевқа жүктелсiн";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмірiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасында:
      "Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлiмде:
      "Қысқаша мазмұны" деген кiшi бөлiмде: "2001-2003 жылдарға" деген сөздер "2001-2005 жылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Iске асыру мерзiмi" деген кiші бөлiмде: "2005" деген сан "2007" деген санмен ауыстырылсын;
      "Кiрiспе" деген 2-бөлiмде "2001-2003 жылдар" деген сөздер "2001-2005 жылдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 1-жолда:
      "Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты" деген бағанда "Қаржы министрлiгi" деген сөздердiң алдынан "Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi," деген сөздермен толықтырылсын;
      "Орындалу (жүзеге асырылу) мерзiмi" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "2004 жылғы 1 қыркүйекке дейiн";
      реттiк нөмiрлерi 2, 3-жолдардағы "Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты" деген бағанда "Қаржы министрлiгi" деген сөздердiң алдынан "Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi," деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 4-жолда:
      "Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты" деген бағанда:
      "Қаржы министрлiгi" деген сөздердiң алдынан "Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi," деген сөздермен толықтырылсын;
      "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздер "Ақпарат министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 6-жолда:
      "Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты" деген бағанда "Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздердiң алдынан "Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi," деген сөздермен толықтырылсын;
      "Орындалу (жүзеге асырылу) мерзiмi" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "2007 жылғы 1 қаңтарға дейiн".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі