Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулыларына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы N 870 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 192-ө  өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі кесімдерінің тізбесінде:
      реттік нөмірі 20-жолда, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімімен реттелуге жататын қатынастар" деген бағандағы 3) тармақша алынып тасталсын.

       Премьер-Министр