Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1430 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы N 861 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1430 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 48, 484-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 68-жол алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы