Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесi жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссиядағы Қазақстан Республикасы Өкiлеттi өкiлiнiң қызметiн қаржыландыру мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 тамыздағы N 844 Қаулысы. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 23 наурыздағы N 257 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбектi қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

      2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
      2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнің
      міндетін атқарушы