Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы N 62 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі N 811 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.08. N 523 қаулысымен.

      Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның елді мекендеріндегі жер сілкінісінен зардап шеккен объектілерді қалпына келтіру мәселелерін шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Жамбыл облысының әкіміне 2003 жылғы мамырдағы жер сілкінісінің нәтижесінде зардап шеккен объектілерді салу және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары бойынша түпкілікті есептесу үшін 510300000 (бес жүз он миллион үш жүз мың) теңге бөлінсін.

      2. Жамбыл облысының әкімі 2004 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшін енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі