Өнеркәсіп саласындағы бiліктiлік талаптарына лицензиялау субъектiлерiнiң сәйкестiгін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру үшін тәуелсіз сарапшыларды аккредиттеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 778 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1396 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.22 № 1396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңына сәйкес, лицензиялау субъектілерiн сараптау кезінде тәуелсiз сараптамалық бағалауларды жүргiзудi қамтамасыз ететін жағдайлар жасау және бәсекеге жарамды қызметтер көрсету рыногын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Өнеркәсіп саласындағы бiлiктiлiк талаптарына лицензиялау субъектiлерiнiң сәйкестігін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру үшiн тәуелсiз сарапшыларды аккредиттеу ережесі бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 21 шілдедегі 
N 778 қаулысымен     
бекiтілген        

Өнеркәсiп саласындағы біліктілік талаптарына лицензиялау
субъектілерiнiң сәйкестігін сараптамалық бағалауды жүзеге
асыру үшiн тәуелсiз сарапшыларды аккредиттеу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Лицензиялау субъектілерiнiң (өтiнiш берушiлердiң және (немесе) лицензиаттардың) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн сараптамалық бағалауды жүзеге асыру үшін тәуелсіз сарапшыларды аккредиттеудiң осы ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына ,"Өнеркәсiп саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлеріне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 10 мамырдағы N 556 қаулысына сәйкес әзірлендi және лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде қойылатын білiктілiк деңгейіне лицензиялау субъектiлерiнiң (өтiнiш берушілердің және (немесе) лицензиаттардың) сәйкестігін сараптауды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ лицензиялау субъектілерiнiң біліктілік талаптары мен белгiленген ережелердi сақтауын бақылау жүйелерiн жетілдіру үшін тәуелсіз сарапшыларды тартумен байланысты қатынастарды реттейді.
      2. Ереже:
      1) лицензиялау субъектілерін (өтініш берушiлердi және (немесе) лицензиаттарды) сараптауға тартылатын тәуелсіз сарапшыларды аккредиттеу тәртiбiн ;
      2) лицензиялау субъектілерін (өтініш берушілердi және (немесе) лицензиаттарды) сараптауға тартылатын тәуелсіз сарапшыларға қойылатын талаптарды;
      3) тәуелсiз сарапшылар қызметiнiң қағидаттарын белгiлейдi.
      3. Аккредиттелген тәуелсiз сарапшыны таңдап алуды лицензиар аккредиттеген тәуелсiз сарапшылар тiзiмiнен лицензиялау субъектiсi (өтiнiш берушi және (немесе) лицензиат) жүзеге асырады.
      4. Аккредиттеудiң ұйымдастырушысы лицензиар болады.
      5. Жүргiзілуiне тәуелсiз сарапшыларды аккредиттеу жүзеге асырылатын сараптау түрлерi мыналар:
      құжаттық сараптама - лицензиялау субъектiсiн бiлiктiлiк талаптары мен лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн лицензиялау субъектілерiнiң құқықтық, қаржылық, ұйымдастырушылық, еңбек мүмкiндiктерiнiң болуы жөнiнде белгiленген лицензиялық ережелерге сәйкестiгi мәнiне объективтi және дұрыс талдамалы бағалау;
      техникалық сараптама - лицензиялау субъектiсiн бiлiктiлiк талаптары мен лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн лицензиялау субъектiсiнiң өндiрiстiк, техникалық мүмкiндiктерiнiң болуы жөнiнде белгіленген лицензиялық ережелерге сәйкестiгi мәнiне объективтi және дұрыс талдамалы бағалау. Техникалық сараптама кезiнде жүргiзiлетiн жұмыстардың сапасын қамтамасыз ететiн өндiрiс шарттары бағаланады.
      Сараптама (сараптамалық бағалау) объектiлерi:
      1) сараптамалық бағалау үшiн өтiнiш берушiлер мен лицензиаттар ұсынатын құжаттар мен материалдар;
      2) материалдық-техникалық және өндiрiстiк базалар;
      3) жұмыстардың орындалу сапасын бақылауға арналған аспаптар мен жабдықтар;
      4) жұмыстарды жүргiзу кезiнде еңбектi қорғау мен техникалық қауiпсiздiк жүйесi;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да объектiлер.
      6. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      өтiнiш берушi - қызметтiң лицензияланатын түрлерiн жүзеге асыруға тiлек бiлдiрген және лицензиарға заңнамада белгiленген тәртiппен құжаттарды ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
       лицензиар - лицензияны беретiн, қайта ресiмдейтiн, оның қолданылуын тоқтата тұратын, тоқтататын және жаңғыртатын уәкiлеттi мемлекеттiк орган ;
      лицензиат - қызметтiң белгiлi бір түрiмен айналысу немесе белгілi бiр әрекеттердi (операцияларды) жасау құқығына лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
      тәуелсiз сарапшы - өтiнiш берушiнiң бiлiктілік талаптарына сәйкестігі мәнiне бiлiктi қорытынды, сондай-ақ лицензиаттардың олардың бiлiктiлiк талаптары мен белгiленген лицензиялық ережелердi сақтауы жөнiндегі қызметiне баға беретiн жеке немесе заңды тұлға;
      сараптамалық бағалау (сараптама) - лицензиялау субъектiсiнiң бiлiктiлiк талаптары мен белгiленген лицензиялық ережелерге сәйкестігі мәнiне объективтi және дұрыс талдамалы баға алу үшiн жүргiзiлетiн бағалау әрекеттерi мен тұжырымдарының жүйесi.

2. Тәуелсiз сараптаманың негiзгі қағидаттары

      7. Тәуелсiз сараптаманың негiзгi қағидаттары:
      1) сарапшылардың бағаланатын лицензиялау субъектілерiне, мемлекеттiк органдарға, оның iшiнде лицензиарға да тәуелсiздiгi;
      2) сараптамалық бағалау тұжырымдары мен нәтижелерiнiң риясыздығы мен объективтiлiгi;
      3) тәуелсіз сарапшылардың құзыреттілiгi және жоғары кәсiби деңгейi;
      4) тәуелсiз сарапшылар тұжырымдарының толықтығы мен дұрыстығы;
      5) лицензиялау субъектiнiң қызметiнен болатын экономикалық, құқықтық, экологиялық және әлеуметтiк салдарларды кешендi бағалау;
      6) егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, сараптау барысында алынған лицензиялау субъектiсi туралы ақпараттың құпиялылығы;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгіленген тәуелсiз сараптама тұжырымдарының дұрыстығы, толықтығы және негіздiлiгі үшiн жауапкершiлiк болып табылады.

3. Тәуелсiз сарапшыларды аккредиттеу тәртiбi

      8. Лицензиялау субъектiлерiн сараптамалық бағалауды жүзеге асыру мақсатында аккредиттеуді алу үшiн тәуелсiз сарапшылар мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның бiрiншi басшысының, не олар уәкiлеттiк берген өкілдiң қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрiмен куәландырылған өтініш (жеке тұлға үшін мөрдiң болуы талап етiлмейдi);
      2) заңды тұлға үшiн - құрылтай құжаттарының, тiркеу туралы куәліктiң көшiрмелерi;
      3) жеке тұлға және жеке кәсіпкер үшін - жеке кәсіпкер куәлiгiнiң көшiрмесi;
      4) сарапшының білiктілiгiн растайтын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен көзделген куәлiктердiң, лицензиялардың, сертификаттардың және/немесе басқа да құжаттардың көшiрмелерi;
      5) жеке тұлғаның да, заңды тұлға қызметкерлерiнiң де тиiстi мамандық бойынша жұмыс стажын растайтын еңбек кiтапшаларының немесе өзге де құжаттардың көшiрмелерi;
      6) тәуелсiз сарапшының білiктiлiгi туралы (Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша) мәлiметтер.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 613 Қаулысымен.
      9. Лицензиар аккредиттелген тәуелсiз сарапшылардың - жеке және заңды тұлғалардың бөлек тiзiлiмiн жүргiзедi.
      10. Тәуелсiз сарапшыларды аккредиттеу лицензиардың бұйрығымен ресiмделедi, соның негiзiнде аккредиттелген тәуелсіз сарапшыға аккредиттеу куәлiгi (Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша) берiлуi.
      11. Аккредиттелген тәуелсіз сарапшылар лицензиялау субъектiлерiн сараптамалық бағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      12. Лицензиар аккредиттеу куәлiгін алуға өтiнiштер мен құжаттарды қабылдаған сәттен бастап бір ай мерзiмнен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілерi үшін - он күндiк мерзiмнен кешiктірмей оларды өзiнiң шешiмi туралы хабардар етедi.
      13. Аккредиттеу куәлiгi қолданылу мерзiмi шектеусiз берiледi (бас).
      14. Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм  заңнамамен   белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкiн.

4. Аккредиттеу куәлiгiнiң қолданылуын тоқтата тұру мен тоқтату және қайтарып алу

      15. Аккредиттелген сарапшылар кемiнде үш жылда бiр рет аккредиттеу саласындағы бiлiктiлiктi растауға қайта аттестаттаудан өтеді және сараптамалық қызмет бойынша жыл сайын есеп бередi.
      16. Тәуелсiз сарапшы осы Ереженiң 15-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда лицензиар аккредиттеу куәлiгiнiң қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруы мүмкiн.
      Лицензиар аккредиттеу куәлігінiң қолданылуын тоқтатқан себептердi жойған және лицензиарға бұл туралы жазбаша хабарлаған кезде аккредиттеу куәлiгiнің қолданылуы жаңғыртылады.
      17. Аккредиттеу куәлiгiнiң қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге тәуелсiз сарапшы сот тәртiбiмен шағымдануы мүмкін. Соттың аккредиттеу куәлiгiнiң қолданылуын тоқтата тұрудың заңдылығы туралы шешiмi кезiнде оны тоқтата тұру мерзімі мұндай шешiмді лицензиар қабылдаған күннен бастап саналсын.
      18. Аккредиттеу куәлігі өзінің қолданылуын мынадай:
      1) аккредиттеу куәлiгi қайтарып алынған;
      2) жеке кәсiпкердiң кәсiпкерлiк қызметi тоқтатылған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған (ұйымдастыру-құқықтық нысанын өзгертудi қоспағанда) немесе таратылған;
      3) тәуелсіз сарапшы сараптамалық қызметтi тоқтату туралы мәлімдеген жағдайларда тоқтатады.
      19. Заңды тұлғаның қайта тiркелуi кезінде аккредиттеу куәлiгі өзінiң қолданылуын тоқтатпайды.
      20. Аккредиттеу куәлiгiнiң қолданылуы тоқтатылуына байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
      21. Аккредиттеу куәлiгiн Лицензиар:
      1) лицензиар олар бойынша аккредиттеу куәлiгiнiң қолданылуын тоқтата тұрған себептердi тәуелсіз сарапшы жоймаған;
      2) тәуелсiз сарапшыға coт жүзеге асырылуына оның аккредиттеу куәлiгi бар қызмет түрімен айналысуына тыйым салған;
      3) тәуелсіз сарапшы аккредиттеу куәлiгін алу кезінде көрінеу жалған ақпарат ұсынған жағдайларда сот тәртiбiмен қайтарып алуы мүмкiн.

Өнеркәсiп саласындағы бiлiктiлiк   
талаптарына лицензиялау субъектілерiнiң
сәйкестiгiн сараптамалық бағалауды  
жүзеге асыру үшiн тәуелсiз      
сарапшыларды аккредиттеу ережесiне  
1-қосымша               

Тәуелсіз сарапшының біліктілігі туралы мәліметтер (лицензиялау субъектілерінің сараптамалық бағалауын жүргізу үшін аккредитация алуға тілек білдірген тәуелсіз сарапшы толтырады)

      1. Қатысушының атауы және заңдық мәртебесi:
__________________________________________________________________
  (заңды тұлғаның немесе жекe кәсiпкердiң мем. тiркелуi туралы
              құжаттың көшiрмесi қоса берiлсiн)

      2. Тiркеу орны: ____________________________________________
      3. Қызмет орнының, оның iшiнде филиалдар мен өкiлдiктердiң
мекен-жайы мен негiзгi орны ______________________________________
      4. Лицензия ________________________________________________
          (қызмет түрi, N және берiлу күнi, лицензияның көшiрмесi
                            қоса берiлсiн)
      5. Соңғы жылдар ішінде тәуелсіз сарапшы көрсеткен қызметтердің жыл сайынғы көлемі.
      6. Тәуелсiз сарапшы ұсынымдар жасаған, кейiннен практикаға енгiзiлген жұмыстардың тiзбесi (1-кесте).

                                                           1-кесте
__________________________________________________________________
Р/с | Объектілердiң  | Тапсырысшылардың  | Жұмыстардың мақсаты,
  N  |  атауы мен     |      атауы        |   сипаттамасы және
     | орналасқан жері|                   |   ұсынымдардың мәнi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      7. Тәуелсiз сарапшының жетекшi штаттық қызметкерлерiнiң, ішiнде келiсiм-шарт бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс істейтiн соның қызметкерлерiнiң бiлiктiлігі мен тәжiрибесi (2-кесте).

                                                           2-кесте
__________________________________________________________________
P/c|Т.А.Ә.|Лауазымы|Бiлiмi| Лицензиялардың, |  Ұқсас    | Әлеуеттi
N |      |        |      |сертификаттардың,|объектілер.| сарапшы
   |      |        |      |  дипломдардың,  | де жұмыс  |  жария.
   |      |        |      |   куәлiктердiң  |тәжірибесі |  лаған
   |      |        |      | және т.б. болуы |  (жыл)    | кітаптар,
   |      |        |      |                 |           | мақалалар,
   |      |        |      |                 |           |зерттеулер
__________________________________________________________________
   |      |        |      |                 |           |
__________________________________________________________________

      8. Ұсынымдар мен сын-пiкiрлер туралы мәлiметтер.
      9. Техникалық жарақтандыру туралы мәлiметтер.
      10. Өтiнiшке қол қою құқығына уәкiлеттiк берiлген өкілге сенiмхат (қоса берiлсiн).
      11. Бiлiктiлiк туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.

      Лауазымы ______________
      Қолы __________________           (ТАӘ) ________________

      МО

Өнеркәсiп саласындағы бiлiктiлiк   
талаптарына лицензиялау субъектілерiнiң
сәйкестiгiн сараптамалық бағалауды  
жүзеге асыру үшiн тәуелсiз      
сарапшыларды аккредиттеу ережесiне  
2-қосымша               

Тәуелсiз сарапшыны аккредиттеу туралы аккредиттеу куәлігі

Сараптаманы жүзеге асыруға және лицензиялау субъектiсiнiң
(лицензиаттың/өтiнiш берушiнiң) бiлiктiлiк талаптарына
("Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы)
сәйкестiгiн белгiлеуге
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Аккредиттеу cаласы ________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Филиалдар, өкiлдiктер _____________________________________________
                           (орналасқан жерi, деректемелерi)
___________________________________________________________________
Аккредиттеу туралы куәлiктi берген орган __________________________
                                                (толық атауы)
Басшы (уәкілеттi тұлға) ___________________________________________
                                  (тегi және аты-жөнi)
___________________________________________________________________

Аккредиттеу туралы куәлiктi қолданудың ерекше шарттары
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Берілген күнi __________

Куәлiктiң нөмiрi _______ _____________________  қаласы