Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы N 703 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 748 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Инфекцияға қарсы жаңа препараттарды жасаудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы N 703  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      7-тармақтағы "үш қабат" деген сөздер "бір қабат" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі