"Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігінің (қаржы полициясы) Көліктегi экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi департаментi (қаржы полициясы)" мемлекеттiк мекемесiн

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 маусымдағы N 720 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 628 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.10.2016 № 628 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігiнiң (қаржы полициясы) Көлiктегi экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi департаментi (қаржы полициясы)" мемлекеттiк мекемесi таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiнiң штат санын және оның функцияларын Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары арасында қайта бөлсiн;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.31 N 539 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі