Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы N 704 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 30 наурыздағы N 325  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 98-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттігiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Алматы экономика және статистика институты" жабық акционерлiк қоғамы"
      "Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегі агенттiгiнiң Ақпарат-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)" деген жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі